Song picture
Мезгіл
Comment Share
Free download
Өлеңде төрт мезгіл арқылы адам өмірінің кезеңдерін бейнеленедім. Көктем өмірдің бастауы болса, жаз қызу тіршілік пен жастықтың символы, бірақ ол да уақытша. Күз адамның қартаюы мен өмірдің өтпелілігін көрсетеді, ал қыс өмірдің аяқталуын меңзейді.
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
Peak #30
Peak in subgenre #3
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 11, 2025
Track Files
MP3
MP3 1.8 MB 192 kbps 1:16
Lyrics
Көктем келді далаңа, Еріді мұздар жағада. Берілген өмір бір көктеу, Сондықтан оны бағала. Далаңа сенің жаз келді, Айнала тегіс мәз болды. Бірақ ол да уақытша, Өткізбе босқа әр күнді. Далаңа сенің келді күз, Жапырақ талдан семді жүз. Әр адам бір-бір жапырақ, Қураймыз солай енді біз. Далаңа келді қыс сенің, Ыстық шай болды ішкенің. Түбінде қарттық жетеді, Ауызыңда сиреп тістерің. Мамыр. 2018 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.