Song picture
Іздеу
Comment Share
Free download
Бұл өлеңде автор болашақ жарын іздеп, жалғыздықтан шаршағанын баяндайды.
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Charts
Peak #23
Peak in subgenre #4
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 06, 2025
Track Files
MP3
MP3 2.4 MB 320 kbps 1:03
Lyrics
Болашақ жұбайым, Жоқсың сен, қайдасың? Жиырма жыл зу етіп, Асырды айласын. Демеймін: «Жүрегім, Көркіңе мас тіпті...» Жатпасам болғаны, Құшақтап жастықты. Жүргем жоқ некеден, Басқасын ойлап түк. Шаршатты жалғыздық, Мезі етті бойдақтық. Қадірін білемін, Қыз деген асылдың. Іштегі мехнатты, Өлеңмен жасырдым. Болашақ жұбайым, Деміңді аңсадым. Оралшы сен маған, Мен іздеп шаршадым. Өзгеде айып жоқ, Бар кінә өзімнен. Түн уақыты кіргенде, Боламын көз ілген. Таңдарда талықсып, Түстерім жиі алдап, Болашақ жарымды, Жатамын қиялдап. Қараша. 2018 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.