Song picture
Күз айы келгенде
Comment Share
Free download
poetry esbolbozan
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға тол
Есбол Бозан 1992 Қазақстан, Атырау қаласында дүниеге келген қазіргі қазақ поэзиясының жас ақыны. Оның шығармашылығы терең эмоциялар мен философиялық ойларға толы. Есболдың өлеңдері мен аудиожазбалары әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда кеңінен таралған. «Адамның ұлы» (2018) 144 беттен тұратын өлеңдер жинағы. Бұл кітапта автор қазіргі заманның күрделі мәселелерін терең сезіммен жеткізеді. «Меланхолик» (2024) лирикалық поэзияға құрылған альбом. Бұл альбомда махаббат, жалғыздық, өткенге деген сағыныш пен болашаққа үміт сияқты тақырыптар қозғалады.
Song Info
Genre
Podcasts Poetry
Author
Есбол Бозан
Rights
Esbol Bozan
Uploaded
June 04, 2025
Track Files
MP3
MP3 3.8 MB 320 kbps 1:38
Lyrics
Күз айы келгенде, Құлазып теректер. Бір өлең жазуға, Болады себепкер. Бұлттанып көк аспан, Ақ жаңбыр төгілді. Самал жел аймалап, Тербетер көңілді. Сарғайып жапырақ, Жоғалар көзімнен. Мендегі бар сырды, Әкетіп өзімен. Қараңғы түскенде, Жер беті сызданды. Жайықтың бетінде, Ұмытылмас із қалды. Айдынға қоңыржай, Өрнегін салар түн. Сол түннің ызғары, Ұнайды маған тым. Күз айы келгенде, Құлазып теректер. Бір өлең жазуға, Болады себепкер. Енгенде табиғат, Ғажайып пішінге. Мен келем адасып, Ақ тұман ішінде. Күн кенет салқындап, Тоңдырды денемді. Тұнжырап алтын бақ, Көп ойға кенелдім! Маужырап төңірек, Ұйқыда жатқандай. Жанымда бір сергіп, Тыныштық тапқандай. Ақ қанат тырналар, Бетке алып даланы. Сары-ала күзбенен, Қоштасып барады. Қыркүйек. 2017 жыл.
Comments
Please sign up or log in to post a comment.